Өзбек қызы Шымкентте тұратын сүйіктісін көру үшін шекарадан күнде өтеді

Нұрсұлтан Назарбаев

Пользователь
Регистрация
9 Мар 2017
Сообщения
60
Реакции
43
Баллы
18
Бірін-бірі сүйіп қалған Өзбекстан мен Қазақстан тұрғындары Оңтүстіктің Сарыағаш ауданын романтикалық кездесу орнына айналдырған. Бұл туралы өзбекстандық ару Мадина Қалмұханбетова NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісіне айтып берді.


22 жастағы Өзбекстан азаматшасы үшін Қазақстан тұрғылықты еліне айналған деуге болады. Себебі бойжеткен жиі шекара асып, Қазақстанға келеді. Мақсат – сүйіктісімен кездесу.

Оңтүстік Қазақстандағы «Жібек жолы» бекетінде өзбекстандық арумен аз-кем тілдесудің сәті түсті.

«Шекара арқылы күнара өтемін. Жігітім Қазақстанның Сарыағаш ауданында тұрады. 28 жаста. Сонымен кездесемін. Қазақстан – біздің кездесу орнымызға айналған (күліп). Шекарадан өтерде ешқандай қиындық көріп жүргенім жоқ» деп ағынан жарылды ару.

Поделиться в FacebookРассказать Вконтакте

Айта кетерлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаштағы «Жібек жолы» кеден бекетіне барды. Шекара асушылармен тілдескен Түймебаев тек қазақстандық емес, Өзбекстан азаматтарына да алаңдаушылық танытып, бекет жұмысымен танысты.

Ақпарат ретінде айтар болсақ, «Жібек жолы» кеден бекеті Өзбекстанның Ташкент облысымен шектеседі. Мұнда тәулігіне 14 мыңға дейін жолаушыға қызмет көрсетіледі.
 
Сверху