Ақтөбе облысында ашуға булыққан күйеубала енесін пышақтап тастады

Meteor

Пользователь
Регистрация
30 Мар 2016
Сообщения
51
Реакции
128
Баллы
33
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында отбасылық жанжал кезінде ер адам өз енесін өлтіріп қоя жаздады. Бұл жөнінде аудандық соттан хабарлады деп жазады Керек Инфо.

Поделиться в FacebookРассказать Вконтакте

КӨРНЕКІ ФОТО: KEREK-INFO.KZ

Оқиға 12 наурыз күні Қандыағашта болған. Сот материалдарына қарағанда, 26 жастағы жігіт ішімдік ішіп, ата-енесінің үйінде жанжал шығарады. Ақыры енесімен сөзге келіп, оған асхана пышағы мен ет шабатын балтаны бірнеше рет сермеген.

Ауыр соққы салдарынан кеуде тұсынан жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылған. Тергеу органдары ер адамға Қылмыстық Кодекстің 106 бабының 1 бөлігімен, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін айып тақты.

Заң бойынша, бұл іс-әрекет үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Алайда сот отырысында жігіт өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісімге келді. Сондықтан оған үш жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бұған қоса ол 120 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады.
 
Сверху